Мас ер адам Мексика президентінің бетінен сүйіп, төсінен ұстауға тырысты
Фото: Бейнеден кадр
Мехико қаласының орталығында Мексика президенті Клаудия Шейнбаум серуендеп жүрген кезде оның бетінен бейтаныс бір ер адам сүйіп алды. Тіпті, ер адам қолын президенттің кеудесіне жүгіртуге тырысқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Мексика президенті болған жағдайдан кейін дереу полицияға жүгінді.
«Егер мұндай іс президентке жасалып жатса, еліміздің жас әйелдері қандай жағдайларға тап болады деп ойлауға болады? Ешбір ер адамның әйелдің жеке шекарасын бұзуға құқығы жоқ», — деді Шейнбаум.
Мексика президенті Әйелдер істері министрлігіне елдің барлық штаттарында жыныстық зорлық-зомбылықты қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды тапсырды.
Айта кетейік, Қазақстанда Баян Алагөзова әйелдерге де бірнеше күйеуге шығу құқығын заңдастыруды ұсынды. Бұған дейін мәжіліс депутаты Абзал Құспан екінші және үшінші некесіз әйелдер туралы айтып, көп әйел алуды заңдастыру жайлы пікір айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық