Мас болған павлодарлық туған анасын үйінен қуып шықты
Павлодарлық полиция қызметкерлері туыстары бір-бірімен сыйласа алмай, тәртіп сақшыларын көмекке шақырған жағдайлар күн сайын болып жатқанын хабарлады.
Pavlodarnews.kz хабарлағандай, бұзылған туыстық қатынастарға деген реніштен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар күрделене түседі.
Полиция қызметкерлері осындай 3800-ден астам фактіні тіркеді.
«Кешке полицияға қарт әйел жүгінді. Оның айтуынша, бірге тұратын ересек ұлы жұмыстан кейін мас келіп, қорлай бастаған. Артынша анасын үйден қуып шыққан. Әжей үйіне кіре алмаған, себебі мас баласы есікті ішен іліп, ұйықтап қалған» деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қараңғы кіреберісте жалғыз қалған зейнеткер қорқып, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінді.
Көз жасы көл болған әжей халат пен үй шәркесін ғана киіп шығып кеткен.
Полицейлер әжей тұратын пәтердің есігін 15 минуттай қақты. Ақыры ер адам есікті ашқаннан соң, иесі пәтерге кіріп, жылынуға мүмкіндік алды.
Оның ұлына қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.
Полицейлер мұндай мінез-құлыққа жол бермеу туралы сөйлескеннен кейін, ер адам қарт анасынан кешірім сұрап, бұған жол бермеуге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық