Марқұм сарбаздың аузынан шәует табылды: тергеуші сараптамаға күмән келтірді
Күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев тергеушінің әрекетіне қатысты әскери прокурорға арыз жазды.
18 жастағы әскерге шақырылған жігіттің өлімі 2022 жылдың 20 тамызында белгілі болды. Ол белдігіне асылып тұрған жерінен атқорада табылған. Жас жігіт Атырау облысынан әскер қатарына шақырылып, жарты жыл ғана қызмет етті. Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол сала алмайтынына сендіреді.
Оның өз-өзіне қол жұмсау фактісін Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қалалық бөлімі тергеп жатыр. Қорғаушы тараптың айтуынша, сарбазға қатысты оның әріптестері ұялы телефонға түсірілген сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған болуы мүмкін. Осыдан кейін ұят пен қорлыққа шыдай алмаған Бекбол Мираш асылып қалуы ықтимал.
Пралиев бұған дейін сараптама нәтижесінде үш адамның биоматериалдары анықталғанын мәлімдеген. Адвокаттың айтуынша, табылған жұғынды бір әріптесі мен екі әскери қызметкерге тиесілі.
3 наурызда аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, әділет майоры Е.Қарағұлов Ж.С.Дүйсенованы маман ретінде сотқа тарту туралы қаулы шығарды. Ол бұрынғы сараптамаларды бағалауға және заттай дәлелдемелерге қайталама сараптама тағайындауға міндетті.
Құқық қорғаушысының айтуынша, тергеу органдары осылайша ауыз қуысынан ұрық ізін тапқан сот-медициналық сараптамасының қорытындысына, сондай-ақ қаза болған жауынгер Бекбол Мираштың киіміне күмән келтіргісі келеді.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша Б.Мираштың ауыз қуысының ішіндегі жағындыдан адам қанының қоспасы бар тұқымдық сұйықтыққа тән концентрация табылды. Шәует пен қанның топтық тиістілігін анықтау кезінде адамның қаны мен ұрығынан шығуы мүмкін А және Н антигендер анықталды.
— Сонымен қатар, сарапшы-биолог оқиға орнынан алынған Бекбол Мираштың футболка, іш киім, камуфляж шалбары, аяқ киімі мен екі қолының тырнақтары астынан антиген концентрациясы табылғанын көрсетті, - дейді заңгер.
Сержан Пралиев молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысын да келтіреді, одан сараптаманың қорытындысы толық расталды деген байлам шығады.
— Екі сараптаманың қорытындысы да бұл биологиялық заттардың Бекбол Мираштың өзінен шығу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Тиісінше, сот-биологиялық сараптама қорытындысын күмәнді деп санауға негіз жоқ, - деді адвокат.
Адвокат не үшін тергеуші сот сарапшыларының жұмысын бағалау үшін маман шақырғанын сұрады.
— Маман сарапшының пікірін қаншалықты оңай негіздей алады немесе бағалай алады?Онда бізге сот сарапшылары не үшін керек? Неге тергеуші басқа облыстың мамандарын тарта отырып, қайта сот-биологиялық сараптама тағайындамайды?- деп таң қалады заңгер.
Бұған дейін сотталушының адвокаты Сержан Пралиев Әскери тергеу департаменті нағыз кінәлілерді жасырып отырғанын айтқан болатын.
Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының мәліметінше, соңғы екі жылда 52 әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық