Марқұм Фархат Әбдірайымов түскен соңғы фильм жақында жарыққа шығады
Жақында грузиннің Қазақстандағы естен кетпес шытырман оқиғаларына толы: «Больше чем любовь» романтикалық комедиясы көп ұзамай еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі. Бұл фильм - марқұм актер Фархат Әбдірайымовтың түскен соңғы туындысы.
Қазақстан мен Грузияның бірлесе шығарған «Больше чем любовь» фильмінің тұсаукесері 9 наурызда өтеді. Фильм «Asia Ferroalloys» компаниясының жалпы қолдауымен түсірілген.
Екі елдің кинематографтары баяндаған хикая Ұлы Отан соғысының қан майданынан бастау алады. Екі барлаушы – грузин Вано және қазақ Бақытжан, тапсырмадан қайтып келе жатқанда әуе шабуылының астында қалады. Бақытжан өз өмірін құрбан етіп Ваноны құтқарып қалады. Өмірі қиылғалы жатқан досының жанында Вано балаларымыздың арқасында туыс боламыз деп ант-су ішеді. Алайда Вано уәдесін орындай алмайды, енді атасының антын немерелері орындауы тиіс. Тбилисиден Алматыға Ваноның немересі Буба келеді. Оның мақсаты Бақытжанның немере қызын тауып, оған үйлену. Бубамен бірге Қазақстанға Бубаның әпкесі Нино ұшып келеді. Бубаның аңғалдығының кесірінен жастар Бақытжанның үрім-бұтағы тұратын мекен-жай жазылған қағазды жоғалтып алады. Содан нағыз шытырман оқиғалар басталады.
- Грузиндер ештеңені ұмытпайды. Біз қазақтармен бірге Ұлы Отан соғысында шайқасқанымызды ғана емес, Дәуіт патшаның кезінде қыпшақтармен бірге ежелгі Тбилисиді селжұқтардан қорғағанымызды да ұмытпадық,- деді режиссер Георгий Кикалеишвили.
Қазақстан тарапынан режиссер міндетін Жеңіс Тұматаев атқарды.
- Мен үшін бұл фильм тек екі жастың сезімдері жайлы емес, сондай-ақ екі ел мәдениетінің ортақ тұстары, айырмашылықтары, ұқсастығы, тарихы, құндылықтарымен дәстүрі жайлы. Осының қосындысынан осындай хикая шықты, - деп бөлісті Жеңіс Тұматаев.
Фильм түсірілімі пандемия кезінде өтті. Тбилиси маңында әскери көріністер мен хикаяның грузиндік бөлігі түсірілді. Сосын түсірілім тобы Алматыға келді, мұнда түсірілім қала тарихындағы ерекше орындарда: «Алматы» қонақ үйі, «Медеу» мұз айдыны, цирк және басқа жерлерде өтті.
- Фильмді түсіру оңайға соқпады: Грузияда коменданттық сағат орнатылды, тікелей рейстер болмады, 3 күн сайын түсірілім тобының әрбір мүшесі ПТР-тестін тапсырып отырды, түсірілімге рұқсат алуда да қиындықтар туындады. Қазақстанда да сондай шектеулер бар еді. Бірақ біз бәрін еңсердік!, - деп бөлісті атқарушы продюсер Қайрат Мақажанов.
Туындыға Фархат Әбдірайымов (Фара), Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов, Азат Сейітметов, Данагүл Темірсұлтанова, Қарлығаш Исабекова, Тәуекел Мүслім, сондай-ақ грузиндік актерлер Натия Цицилашвили, Илья Чхаидзе, Зураб Кипшидзе түсті. Сонымен қатар фильм түсіріліміне грузиндік кинематографияның ақсақалы Вахтанг Кикабидзе атсалысты.
Ең күрделі рөл Төлепберген Байсақаловқа бұйырды. Сценарий бойынша ол бірден екі такси жүргізушіні сомдайды: тбилисилік және алматылық.
- Таксиші Толиктің рөліне ену оңай болды, себебі кейіпкерім екі еліміздің ұқсастығын дәл бейнелейді. Бір қарағанда әртүрлі көрінсек те, бізге ортақ дүние көп, - дейді Төлепберген Байсақалов.
Актер Шәріп Серік те бұл жолы өзін басқа қырынан танытты. Шаконы «аудандағы жігіт» ретінде көруге үйренген қазақстандық көрермен енді оны романтикалық кейіпкер ретінде көреді.
- Менің кейіпкерім Азамат – өте тәртіпті жігіт, классикалық «анамның құрбысының ұлы». Ол домбыра ойнауды жақсы көреді, жетімдер үйінде музыкалық оркестр жетекшісі, тағдыр оған қандай кездесу ұйымдастырғанынын бейхабар ол жақсы қызды кездестіруді армандайды. Бір қадам да аттауға болмайтын сюжеттік желі, - деді Шәріп Серік.
Бұл танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов түскен соңғы туынды болды. Көрерменнің сүйікті актері Тбилисидегі түсірілім кезінде аяқасты жүріп кетті. Жақында Вахтанг Кикабидзе де өмірден өтті.
- Сценарийді оқып шыққаннан кейін жігіттерге осы жобаны іске асыруға көмектесу керек екенін түсіндім. Ерекше жарқын сезім – фильмді көрген соң көрермен осындай күйге бөленеді. Кейіпкерлердің хикаясы ертегіге ұқсайды, түрлі жағдайлардың тоқайласуы адам сенгісіз, бірақ шешуге тиіс мәселелер әр адамға түсінікті әрі жақын. Меніңше, жан дүниеміздің мейірімді, жарқын жағы жайлы фильмдерді адамдар көруді қалайды, - деп қорытындылады кинотуындының бас продюсері Гаджи Гаджиев.
Жаңалықтар
- «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
- Алматы – Қорғас тас жолындағы бұзылған бетон көліктерге жаппай зақым келтіріп жатыр
- Еуроодақ Украина мен Молдованың мүшелікке кіруін қарастырып жатыр
- Көкшетау қаласында саябақты өртемек болған шетелдіктің өзі жанып кете жаздады
- Президент заңмен бекітті: Туысқаныңды жұмысқа тарта алмайсың
- АҚШ пен Иран бейбіт келісімнің соңғы нұсқасын келісіп жатыр
- Ақмола облысында екі баланың анасын сталкер танысы қатыгездікпен ұрып өлтірді
- «Маған 10 миллион теңге ұсынды»: Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
- Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді
- Қазақстандық қыздардың Вьетнамдағы вебкам-желісі әшкере болды
- Таразда синтетикалық есірткі тасып жүрген шетелдік курьер қолға түсті
- Amanat өкілдері Adilet-ке қосылатынын ресми жариялады
- 686 камера «көрмей қалған» қылмыс: Заречный түрмесіндегі айыпталушылар жалған қолтаңба мен қысым жайлы айтты
- «Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақстандық жас қаламгерлерге шеберлік сабағын өткізеді
- «Алаяқтардан алданып, қарызға батқан»: Курьер-ананың жағдайы айтылды
- Иран БАҚ-тары АҚШ-пен жасалуы мүмкін бейбіт меморандумның жобасын жариялады
- Тоқаев: Екі ел тату, «Қазақ-қырғыз – бір туған»
- Туристерді Қытайда далаға тастап, тағы 70 адамды алдаған фирма бастығы ұсталды
- Шымкент — Астана рейсінде 7,6 миллион теңге ұрлаған шетелдіктер ұсталды