Марат Жыланбаев екі айға қамауға алынды
фото: Sputnik / Абзал Калиев
25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тіркелмеген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының 60 жастағы төрағасы Марат Жыланбаевты екі айға қамауға алу жөнінде санкция шығарды.
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Гиннесстің рекордтар кітабына еніп, дүйім жұртқа танылған супермарафоншы, кейінгі жылдары билікті сынап, наразылық акцияларына қатысып жүрген 60 жастағы Марат Жыланбаев Қылмыстық кодекстің 405-бабы («сот тыйым салған ұйымның жұмысына қатысу») мен 258-бабында («террористік не экстремистік әрекетті қаржыландыру») көрсетілген іс-әрекетке барған деген күдікке қалып отыр.
Тергеу органы қаулысында «белсенді Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының ұйымдастырушылары мен қатысушыларының әлеуметтік желісіндегі чатында» болғандығы жазылған.
Тергеу органының шешімінде «Жыланбаевтың ҚДТ басшысы Мұхтар Әбіләзовпен және оның «шетелдегі штабымен» байланыста болып, олардан «конституциялық құрылымды өзгертуге» бағытталған тапсырма мен нұсқау алғаны» айтылған.
«Жыланбаев Әбіләзов шақырған рұқсат етілмеген митингілерге қатысып, оларды әлеуметтік желілер арқылы насихаттаған. 2023 жылы Жыланбаев Астанада болған кезінде ҚДТ экстремистік ұйымы қызметіне белсене қатысқан. 4 ақпанда ол Шымкенттегі ҚДТ белсендісіне 500 000 теңге аударған» делінген құжатта.
Белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейді.
Мамыр айының басында Жыланбаев 20 тәулікке қамауға алынған. 23 мамырда ол уақытша ұстау изоляторынан полицияға жеткізілді.
«Алға, Қазақстан!» тіркелмеген партиясы шамамен бір жыл бойы ресми тіркеу рәсімін бастау үшін биліктен рұқсат алуға тырысқан.
2023 жылдың ақпанында Жыланбаевтың кандидатурасы депутаттыққа ұсынылды, бірақ кейін сот оған «уақытынан бұрын үгіт жүргізді» деп айыппұл салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық