Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды
Сурет: gov.kz
Алматы облысының әкімі болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды, бұл туралы тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Марат Сұлтанғазиев бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші вице-министрі қызметін атқарған. 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
2018 жылдың қазанынан 2021 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2014–2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
Бұған дейін Қанат Бозымбаев 2021 жылдың қарашасынан бастап облыс әкімі болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық