Марат Әйтеновтің адвокаты бұрынғы әйелінің үстінен арыз жазды
Фото: видеодан кадр
Марат Әйтеновтің адвокаты Дана Әтешованың үстінен бірден үш бап бойынша шағым түсіріп жатқанын хабарлады.
Бұл туралы Марат Әйтеновтің адвокаты Facebook парақшасында хабарлады.
Адвокат сонымен қатар қорғаушыда барлық бейне дәлелдер бар екенін атап өтті.
Бүгін Әйтенов Марат бұрынғы әйелінің үстінен арыз берді:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабына сәйкес денсаулығына зиян келтіргені үшін.
- Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабында көзделген отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін.
- Сот шешімі мен атқару құжатын орындамағаны үшін.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының экс-әкімінің ағасының адвокаты Марат Әйтенов сот орындаушысының шақыртуымен, сол жерде тек балалардың мүддесі үшін болған. Бұл жерде қамқоршылық органының өкілдері мен сот орындаушысы болды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы да қатысты.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Мараттың балаларды ұрғаны туралы ақпарат тарап жатыр, бұл шындыққа жанаспайды, қорғаныста мұның бәрін дәлелдейтін бірнеше видео бар. Өкінішке орай, балалар бұл жағдайда зардап шегеді, себебі олар манипуляциялық мақсаттарда қолданылады. Сондай-ақ, Марат сот белгілеген балалармен сөйлесу кестесіне сәйкес, 1 шілдеден бастап балалармен бірге болуы керек еді, бірақ анасы сот шешіміне толықтай кедергі келтірді, сондықтан екінші сот орындаушысы қатысты», - деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасының бұрынғы әйелін күштеп көшіру туралы видео пайда болған еді. Кадрларда ер адамның әйелді шашынан ұстап, үйден сүйреп шыққанын көруге болады.
Жаңалықтар
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Камза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасасты
- Қазақстанда қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
- Тоқаев қазақстандықтарды халықтың бірлігі күнімен құттықтады
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды