Марат Ахметжанов ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды
Фото: Ашық дереккөз
Марат Ахметжанов ҚР ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған болатын
«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын» делінген Ақорда ресми сайтында.
Еңбек жолы:
1991 жылы тағылымгер қызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жж. – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жж. – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жж. – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жж. – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жж. – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жж. – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жж.– Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жж.–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жж. – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жж. – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2021 жылдың 16 сәуірінен бастап - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық