Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы мәлімдеме жасады
Фото: Википедия
Қоғам қайраткері болған марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбай журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді. Оның айтуынша, Алтынбекті өлтіргендер әлі де жазасыз жүр.
Рысбек Сәрсенбай інісінің артында ұлы мен қызы қалғанын айтты. Қазіргі таңда олар анасымен бірге Ұлыбританияда.
«Бір ұлы, бір қызы бар. Келініміз, бәрі Ұлыбританияда. Ұл да, қыз да мамандық алды, жұмыс істеп жүр.
Алтекең қайтыс болардың алдында балалар Мәскеуде болды. Оқулары біткен соң, елге келуі керек болатын. Оған анадай жағдай болды-дағы, балалар сол күйінше Мәскеуде қалды.
Кейін балалар Англияға оқуға түсті. Кейін аналары қастарына барды.
Балалары әкелерін өте қатты жақсы көрді. Оларға өте ауыр болды. Қасында анасы болмаса, қиын ғой» деді марқұм Алтынбектің ағасы Рысбек.
Қоғам қайраткерінің ұлы Бекжан 24-ке толған. Рысбек Бекжанның кек алатын ойы жоқ екенін айтты.
«Бекжаным өсті. Бірақ ол кек алмайды, мен де кек алмаймын. Алтекең қайтыс болған кезде мен: «Осы қылмысты жасатқан адамды қалай да табамын. Жазасын алғызамын» деп ант бергенім рас.
Ол кезде Бекжаным кішкентай ғой. «Балам, мұндай жағдайда адам кектенеді. Мен кек аламын» дегенде Бекжаным: «Мен кек алмаймын, ата» деді. Кекшіл емес. Алтекең де кекшіл емес еді. Кек қайтару керек емес, бірақ әділеттілік жеңуі керек» дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Рысбек Алтынбектің бақилық болғанына 16 жыл өтсе де, кінәлілер әлі жазасыз жүргенін мәлімдеді. Бірақ ол барлығын уақыт еншісіне беретінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық