Мақпал Жүнісоваға қызы Мерей ерекше тосынсый жасады
11 қаңтарда әнші ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова 59 жасқа толды. Анасын меншікті мерекесімен құттықтаған Мерей Заманбекқызының видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.
Жұрттың жүрегін елжіреткен бейнежазбаны Халық әртісінің өзі жеке парақшасына жүктеген. Аталған роликте Мақпал ханымға қызы ерекше алғысын айтып, әрдайым қасында болатынын жеткізіпті.
– Анашым, туған күніңіз құтты болсын. Сізге шын жүрегіммен тек қана бақыт тілеймін. Армандарыңыз орындала берсін. Әрқашанда мен сіздің жаныңызда, сіз менің жанымда болыңыз. Ана мен қызы ретінде осылай ара-қатынасымыз ешқашан бұзылмасын. Әрқашанда бір-бірімізді сүйеп, қолдап жүре берейік. Мен сізді шын жүрегіммен сүйемін, мама. Осындай анамның барына шын жүрегіммен шүкіршілік етемін, алғысым шексіз. Мен сіз мақтансын деп өмір бойы тырысамын, – деді Мерей Заманбекқызы.
Қызынан дәл осындай жылы лебізді естеген Мақпал Жүнісованың көңілі босап, көзіне жас алғанын аңғаруға болады. Халық әртісі де Мерейге ерекше ризашылығын білдірді.
– Жаным қызым, бақытты бол. Әумин, – деді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, былтыр мамыр айында Мақпал Жүнісова жалғыз қызына қатысты халыққа тосыннан видеоүндеу жолдағанын жұрт жақсы біледі. Онда Мерейдің өз қызы еместігін, туған інісінің баласы екенін ашық айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық