Маңғыстаудағы жаппай улану оқиғасы: тергеу аяқталды, кінәлі кім?
Фото:Orda.kz
Маңғыстауда 400-ден астам мектеп оқушысының улануына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қазіргі таңда, қылмыстық іс тараптарға танысуға жіберіліп, қылмыстық іс бойынша күдіктілерге айып тағылды.
«Қазір қылмыстық іс қатысушылары, оларға айып тағылған, іспен танысуда. Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», деп қысқаша түсініктеме берді ведомство.
Тараптар іспен танысқаннан кейін іс прокуратураға, содан соң сотқа жіберіледі. Егер сот процестері ашық өтсе, айыпталушылардың есімдері жарияланады.
Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Бесшоқы ауылында №8 мектептің оқушылары жаппай денсаулығының нашарлауына шағымданды. Олардың көпшілігі тағамнан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Соңғы деректер бойынша, зардап шеккен балалар саны шамамен 460-қа жеткен.
Полиция Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі «Санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормативтерді бұзу, соның салдарынан абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуы, инфекция жұқтыруы, сәулеленуі немесе улануы» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиғадан кейін мектеп асханасы мөрмен жабылды, ал тамақ үлгілері сараптамаға жіберілді. Тамақ үлгілерінде (пюре, котлеттер, соус, компот) патогенді бактериялар анықталды. 20% жағындылардан ішек бактериялары табылды. Асхана қызметкерлерінің 12-нің 6-нан, оның ішінде медициналық қызметкерден стафилококк анықталды. Ыдыс-аяқ жуушы қызметкер дизентерияны тасымалдаушы болып шықты. Ол сонымен қатар, оқушыларға тамақ таратып отырған, бұл жұқтыруға алып келген. Бұл туралы Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Осылайша, асхана қызметкерлерінің төртеуінің медициналық кітапшалары жалған болып шықты. Маңғыстау облысындағы оқиғадан кейін елдің барлық мектептерінде асханаларды тексеру басталды.
Жаңалықтар
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері