«Маңғыстаудағы жанжал»: Бюджет қаржысын миллиардтап жымқырған мұнай компанияларының басшылары ұсталды
Фото: Pexels
Маңғыстау облысының прокуратурасы мен уәкілетті органдар мұнай-газ саласын тексерген соң, «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің бюджеттен миллиардтаған ақша жымқырып отырғаны белгілі болды.
Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.
Аталған компанияның лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен мердігер компанияның шығындарын негізсіз өтеп отырды. Оның жалпы сомасы 700 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 миллиард теңге алды.
Осы фактілер бойынша 2024 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
2024 жылғы 22 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымынан 11 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша тағы бір сотқа дейінгі тергеу басталды.
23 шілде 2024 жылы «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Т. ұсталды. Бұрын басталған тергеу аясында «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы мен екі мердігер ұйымның өкілі ұсталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» компаниясының да басы дауға қалған болатын. Ол компанияға 539,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Жаңалықтар
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды