Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: Прокурор оқ атқан офицерді 13 жылға соттауды сұрады
Фото: ашық дереккөзден
Астанада сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 24 қаңтарда прокурор күдікті Дамир Досовты 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Офицер Досов сотта тапанша оқталып тұрғанын білмегенін айтқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы мұны негізсіз деп таныды.
«Досовтың қылмысты білмей жасағаны туралы жауабына сыни тұрғыдан қарауды сұраймын, себебі ол қаруды қалай қолдану керегін білуге тиіс. Куәгерлер де Досовқа тапаншаны берген кезде нұсқаулық жүргізілгенін айтты», – деді прокурор.
Амангүл Жұмағалиева Досовты қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, командир әскери институтта оқыған, сондықтан қаруды адамға кеземеу керегін біледі. Тапаншада оқ болғанын білмегенін айтқан Досовтың сөзін майор Бағдат Майлиев пен өзге де куәгерлер жоққа шығарды.
19 жастағы Марат Барқұлов былтыр қыркүйекте Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық