Маңғыстауда мұнайшылар ереуілге шықты
Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» мұнай компаниясының жұмысшылары тағы да ереуілге шықты. Наразылық білдірушілер басшылық олардың еңбек құқығын бұзды деп отыр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
1976 жылдан бері істеп келе жатқан «Жалғызтөбе» кен орнында 60-қа жуық мұнайшы жұмыс істеуден бас тартып отыр. Жұмысшылар мемлекет басшысына, сондай-ақ әкімге, прокурорға және ҚР Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысына видео үндеу түсірді.
Олар «Жалғызтөбемұнай» басшылығының қудалап, бірнеше адамды жұмыстан заңсыз шеттеткеніне шағымданды.
«Біз бұған дейін ереуілге шығатынымызды ескерткен болатынбыз. Серік Серікбай қызмет бабын пайдаланып, жұмысшыларды қудалай бастады. Ол мұны тоқтатуы керек! Біздің ескертуімізді ешкім елемеді. Ешбір құзырлы орган немесе компания қызметкері ешқандай шара қолданбады. Бүгін, 26 маусымда біз ереуілдің басталғанын жариялаймыз», — деді мұнайшылар
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық