Маңғыстауда мектептегі жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды
Фото: Orda.kz
6 қыркүйекте Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте бастауыш сынып оқушылары ұлынып қалды, деп хабарлады Orda.kz.
1-4 сыныптың 460 оқушысы мектеп асханасында тамақ ішкеннен кейін ішінің ауырып, дене қызуының көтерілгенін айтып шағымданған. Ресми түрде улану себебі әлі жарияланған жоқ, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккен оқушылардың ата-аналарының айтуынша, балалар мектепте картоп езбесі мен котлет жеген.
Мына, мемлекеттік сатып алу сайтына қарасақ, №8 мектептің бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсететін асхананы ЖК «Д.Шакенова»жеке кәсіпкерлігі басқарады. Компанияның 224 шарты бар, оның көпшілігі тікелей келісім арқылы жасалған. Кәсіпорынның жылдық табысы 2,5 миллиард теңгеге бағаланған.
8 қыркүйекте Бесшоқы ауылындағы уланған оқушылар саны 289-ға жеткен. Ауруханада 67 бала жатыр, оның екеуі жансақтау бөлімінде.
Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Балалардың жағдайы жақсарып келеді. Жағдайы бір қалыпты оқушыларды аудандық емханалардан үйлеріне шығара бастады деп хабарлады өңір билігі.
Облыстық полиция департаменті улану дерегі бойынша ҚР ҚК 304-бабы, яғни «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Санитарлық нормалардың сақталуын тексеру үшін тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық