Маңғыстау облысындағы жерасты Бекет-Ата мешіті көгілдір отынмен жылитын болды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бейнеудегі жерасты Бекет-Ата мешіті көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.
Жартасқа қашалған мешіт қазақтың дәстүрлі киіз үйіне ұқсайды. 23 наурызда Бейнеу ауданында орналасқан көне жерасты Бекет-Ата мешітіне көгілдір отын берілді.
«2025 жылдың қаңтарында жеке кәсіпкер есебінен басталған жоба үш ай уақыт ішінде толығымен аяқталды. Жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын газ құбырының тартылуы мешітке келушілерге қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, тарихи орынның сақталуына да оң әсерін тигізеді» деп жазылған хабарламада.
Шарада сөз алған Бекет атаның жетінші ұрпағы Қалымбегі Ташов мешіттің көгілдір отынға қосылуы ата-баба мұрасына деген құрметтің белгісі екенін ерекше атап өтті.
«Қасиетті, киелі жерлерді сақтау – келешек ұрпақтың үлесінде, осы игі іске атсалысқандарға алғысым шексіз, әл-ауқатымыз арта берсін», – деді қария.
Бекет ата жерасты мешіті – Қазақстанның ұлттық киелі орындарының бірі. Жартасқа қашалған және үш бөлмеден тұратын бұл бірегей сәулет үлгісі 18 ғасырда салынған. Мешіттің негізгі бөлмесі дөңгелек пішінде жасалған, ал төбесі жалпақ күмбезді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық