Маңғыстау облысында теңіз балығын өсіретін алғашқы ферма пайдалануға берілді
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысында Құрық портынан 20 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізі акваториясында орналасқан теңіз балығын өсіретін ферма өз жұмысын бастады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ведомствоның мәліметінше, жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру және акваөсіруді дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде іске асырылуда. Жоспарға сәйкес бұл күні торлы алаңдарға 6 000 келі немесе шамамен 30 000 ақбалық (форель) шабағы жіберілді. Бұған дейін жоба операторы теңіз алаңдарына 30 мың шабақ шығарған болатын.
Қазақстанда теңіз аквамәдениеті алғаш рет дамып келе жатыр, әрі бұл Маңғыстау облысы үшін стратегиялық маңызы бар жоба.
«Бұл Қазақстандағы теңіздегі балық өсірудің алғашқы тәжірибесі. Жоба өңір экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады, агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және заманауи жоғары технологиялық секторды қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.

Ферма биыл пайдалануға берілген алғашқы ірі нысандардың бірі. Орта Каспий акваториясында диаметрі 120 метр және тереңдігі 25 метр Норвегиядан әкелген тор орнатылған. Каспий теңізінің таза суы, тұрақты табиғи ағын мен қолайлы экологиялық жағдай форель (ақбалық, кей жерде ханбалық дейді) өсіру үшін бірегей мүмкіндік болып отыр.
Фермаларды балыққа толтыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Тұтастай алғанда, жыл соңына дейін тор ішіне 20 тоннаға дейін ақбалық жіберу жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы өндіріс көлемі жылына 300 тоннаға, ал 2029 жылға қарай 5 000 тоннаға дейін жетуі тиіс.
Еске салсақ, экология министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мамыр айында алты жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Ал былтырғы жазда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.Суықбаев сотталды.
Айта берсек, мысал көп...
Осындай жемқорлық фактілеріне қарамай, өкімет саланың жандануына қаражат бөліп, үміт артып отыр, біз де «балық басынан шірімей», бөлінген қаржы мен қайрат жергілікті халықты жұмыспен қамтып, өңірдің көркеюіне бағытталады деп сенейік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық