Маңғыстау облысы ПД алтын жалатылған сағаттарға 2 миллион теңге жұмсамақ
Фото: Маңғыстау облысы ПД
Маңғыстау облыстық полиция департаменті алтын жалатылған әрі былғары бауы бар сағат сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болды. Lada.kz хабарлауынша бөлім бірден 180 сағатқа тапсырыс берген екен. Сағат үшін бюджеттен 2 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген, бірақ нақты қандай компания жеткізуші екені әлі анықталған жоқ. Өтінімді қабылдау 24 қыркүйек сағат 17:45-те жабылады.
Лоттың техникалық сипаттамасында сағат механизмі жапондық немесе швейцариялық үлгілерден кем болмауы керек деп жазылған. Анау-мынау сызаттарға төзімді әрі суға түсіп кетсе де тоқтамайтын болуы керек делінген. Сонымен қатар, тапсырыс берушінің қосымша талабы — сағаттың міндетті түрде былғары қорабы болу керек екен.
«Әрбір сағат қара немесе қызыл былғарыдан жасалған сыйлық қорапшасына салынып, лакталған қорапта төлқұжат пен куәлік қоса берілуі керек. Бұйымның сырт жағында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» логотипі және «МАҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазу болуы керек» деп жазылған техникалық шартта.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұндай сағаттар қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ішкі істер органдары ардагерлеріне мереке күндеріне орай берілетінін түсіндірді.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды