Маңғыстауда Тимур Құлыбаевқа қатысы бар жер қойнауы пайдаланушы лицензиясынан айырылды
Маңғыстау облысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қатысы бар жер қойнауы пайдаланушы компанияның лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Лада.
«Лицензия алған жер қойнауын пайдаланушылардың ішінде үшеуі Маңғыстау облысының аумағында өз қызметін жүзеге асырған. Олардың ішінде: «Теміржол жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), бенефициарлар тізімінде Тимур Құлыбаев, сондай-ақ «ҚазТранс-4» ЖШС және Табылдиев Бисебай Аманханұлы (ҚР) бар» делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздегі пайдалы қазбалар кен орындарына аудит жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмаған (үш және одан да көп жылдан бері) кен орындарын алып қою және жаңа инвесторларды тарта отырып, одан әрі игеру мақсатында анықталған.
«23 желтоқсандағы жағдай бойынша министрлік қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға 92 келісімшартты бұзу және 183 лицензияны тоқтату шараларын қабылдады. Лицензия мен келісімшарт талаптарын бұзу туралы 1 779 хабарлама жіберілді» деп нақтылады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық