Маңғыстауда бұрынғы полиция подполковнигі пара алғаны үшін сотталды
Бұрынғы полиция қызметкері қылмыстық істі тоқтату үшін шетелдіктен 300 доллар алған.
Бейнеу аудандық ІІБ бастығының бұрынғы орынбасары қаңтар айында пара алғаны үшін сотталды, деп жазады Lada.kz. Қылмыстық істі тоқтату үшін Тәжікстан азаматы оған 300 доллар алып келген.
«Құқық қорғау органы қызметкері қылмысы үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес параның 30-дан 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл немесе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады» деп хабарлады Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімімен экс-полицей кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен параның 25 еселенген сомасы – 3 474 825 теңге айыппұл салынды.
Бұрынғы тәртіп сақшысы өз кінәсін мойындап, өкініп, жеңілдетілген жаза алды. Сот талқылауы барысында ол уақытша ұстау изоляторында болғандықтан, сот айыппұл сомасын 2 384 625 теңгеге дейін қысқартты. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық