Мамыр айынан бастап жедел жәрдем қызметінің жұмыс тәртібі өзгереді
Фото: freepik.com
1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Министрлік азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл шақырту құқығын шектемейтінін айтты.
Жаңа жұмыс тәртібі бойынша, емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында мобилдік бригадаларына тапсырылады. 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.
Министрліктің мәліметінше, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы созылмалы аурулардың өршуіне байланысты жеделділіктің 4-санатына жатады екен. Сондықтан мұндай шақыртулар шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың дер кезінде жедел жәрдем алуына кедергі келтіреді.
МСАК мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді. Ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін — 10 минут, 2-санат — 15 минут, 3-санат — 30 минут болады.
Айта кетейік, қаңтар айында Қарағандыда жедел жәрдем бір емес төрт рет ауруханаға алып кетуден бас тартқан бала қиналып көз жұмған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық