Мамин журналистердің үкіметтің отставкаға кетуі туралы сұрақтарынан қашып кетті
Премьер-министр Асқар Мамин журналистің сұрағына жауап беруден бас тартып, қашып кетті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Мәжіліс отырысынан шыққан Маминге «Үкімет пандемия сынағынан өтті ме? Үкіметтің отставкаға кететін уақыты келді деп ойламайсыз ба?» деп төтесінен сұрақ қойылды.
Министрлер кабинетінің басшысы сұрақтарды елемей, мәжіліс залынан үнсіз шығып кетті. Артынша мемлекеттік күзет қызметкері дәліздің есігін жауып, журналистерді одан әрі өткізбеді.

Orda.kz және Sputnik.kz журналистері Мамин бет бұрған лифтке өте алды. Журналистердің лифтке кіруіне МКҚ қызметкері және үкімет баспасөз қызметінің қызметкері Дариға Сәкенова кедергі жасады. Ол Sputnik.kz журналисін итеріп жіберді, ал Orda.kz журналисіне камераға түсіруге кедергі жасады.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен вице-премьер Ералы Тоғжанов лифтке кіргеннен кейін есік жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, журналистер 2020 жылдың наурыз айынан бастап алғаш рет бүгін мәжіліс отырысына оффлайн режимде қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық