Мамин РФ Астрахан облысының делегациясын қабылдады
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин РФ Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегациямен кездесті.
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, транзиттік-көлік, туристік, мәдени-гуманитарлық салалардағы шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
– Өзара сауда қарқынын арттыру үшін шекара маңы саудасы орталығын құру перспективалары талқыланды. Биыл ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда динамикасы белсенді қалпына келтірілуде. 2021 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 26,2%-ға өсіп, $8,6 млрд құрады. Қазақстанның Ресейге экспорты 40%-дан астамға ұлғайды.
Бірінші кезектегі міндет – тауар айналымы көрсеткіштерін 2019 жылғы деңгейге қарағанда $20 млрд дейін жеткізу. Шекара маңындағы сауданың Қазақстанның Ресеймен өзара саудасында үлесі зор, осыған байланысты тараптар оны одан әрі дамыту үшін шаралар белгіледі. Астрахан облысының кеме жасау кәсіпорындарының тәжірибесін ескере отырып, А. Мамин өнеркәсіптік кооперация жобаларын дамыту перспективасымен кеме жасау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін атап өтті, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ақтау және Астрахан қалалары арасында Каспий теңізі бойынша теңіз круизін іске қосу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл шекара маңындағы өңірлердің сауда-экономикалық әлеуетін дамытуға да ықпал ететін болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық