Мамандар Каспий теңізіне құйылған қалдықтар туралы айтты
Жақында әлеуметтік желіде Каспий теңізіне құбырдан аққан лас судың теңізге құйылып жатқаны түскен видео тарады. Видео авторы бұл қалдық суы болуы мүмкін екенін болжаған. Ол қонақ үй аумағынан теңізге дейін тартылған құбырды тапқан.
«Барлық қалдықтар осы құбыр арқылы қонақ үйден теңізге барып құяды» дейді видео авторы.
Inaktau.kz басылымы мамандар қажетті сынамалар алғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта тәуелсіз экологтар, қоғам белсенділері мен «Экожер» аймақтық экология қауымдастығының Маңғыстау облысы экологтар кеңесі мүшелерін жағдайды бағалау үшін осы іске тарту жоспарланып отыр» деді Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары.
Тексеріске балық шаруашылығы басқармасы, су инспекциясы, облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциялары қатысады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық