Мамайды түрмеге отырғызу - қылмыс - Human Rights Watch
Беделді халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы өзі саяси тұтқын деп санайтын Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайға қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Бұл оппозиция лидеріне «жаңа» айып тағылуымен байланысты.
«Бір қызығы, бұл «жаңа» айып прокурорлар оның болжамды әрекеттерін «бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізуді бұзу» деп қайта саралап, дәл осындай айыпты алып тастағаннан кейін екі ай өткен соң шықты» делінген хабарламада.
Одан кейін Мамайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот процесі 6 ақпанда жалғасуы керектігі ескертіледі. «Мамай әлі де үйқамақта. Қазақстан шын мәнінде тәуелсіз оппозициялық партияларға жол бермейді. Мамайдың партиясы тіркеле алмады» деп атап көрсетті HRW.
Айыптау қорытындысына қатысты прокуратура тағайындаған сараптама негізінде «Мамайдың зорлық-зомбылық жасағаны немесе зорлық-зомбылыққа шақырғаны туралы ештеңе айтылмаған, өйткені оның бұл әрекетті жасағанына дәлел жоқ» делінген.
Қорытындылай келе, құқық қорғаушылар: «Саяси реформаға шақыру – қылмыс емес, бірақ Мамайды 10 жылға темір торға отырғызу, әрине, қылмыс болар еді» деп қорытындылады.
Еске салсақ, бұған дейін HRW Мамайға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптың негізсіз екенін мәлімдеген болатын.
«Қазақстан қаңтардағы оқиғалар кезінде сөз бостандығына құқықтарын бейбіт түрде жүзеге асырғаны үшін саяси және азаматтық белсенділерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды тоқтатуы керек» деді HRW Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон маусым айындағы мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық