«Мама, неге рөлге отырдың?». Жол апатында 9 жасар қыз зардап шекті
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан маңындағы тас жолда апат болған жерден көңіл түсірер видео жарияланды. Көлікті 48 жастағы әйел жүргізген, ішінде 9 жасар қызы болған.
Видеода қыздың шошып айқайлағаны желі қолданушыларын алаңдатып қойды.
Кішкентай бала «мама, неге рөлге отырдың?» деп жылап жатқаны көрінеді. Көлік аударылып қалған.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, жол апаты 6 шілдеде сағат 13:46-да Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолының 194-ші шақырымында орын алған.
– Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі, 48 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, алдыңғы оң жақ доңғалақтың қысымын төмендету нәтижесінде көлікті басқара алмай, көлік аударылып қалған, - деді полиция бөлімінде.
Апат салдарынан 9 жасар қыздың төменгі жақ сүйегі зақымданған және 48 жастағы келіншектің кеуде қуысы көгерген. Олар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық