Малшыны құлдықта ұстаған полицейге қатысты тергеу басталды
Түркістан облысының полиция департаменті 28 жастағы жергілікті тұрғынды еңбек құлдығында ұстады деген қызметкерге қатысты қызметтік тергеу бастады. Жұмысшы өз-өзіне қол жұмсады, оның денесі мал бағып жүрген ферма маңынан табылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Белгілі болғандай, ер адам құлдықта болған.
Марқұм Бақытжан Бердалиевтің анасының айтуынша, оның баласы қарызынан құтылу үшін малшы болып, жұмысқа кірген. Бірақ ол жұмыс емес, нағыз құлдық болып шықты. Марқұмның жақындары бір ауыздан оның өліміне құлдықта ұстаған полицей кінәлі дейді.
Полиция қызметкері жоғалған малдарын марқұмның мойнына іліп, тағы да жұмыс істетпекші болған. Оны өлімге жоғалған мал итермелеуі мүмкін. Себебі, ол сол үшін тағы біраз жұмыс істеуі керек еді.
– Ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тергеу бастады. Тергеу барысында оқиғаға құқықтық баға беріліп, заңды шешім қабылданады, - деп түсініктеме берді Түркістан облысының полиция басқармасы.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық