«Мал сияқты бауыздап тастаған»: Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген адамның соты басталды
Шымкенттегі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін «бес жерінен пышақтап өлтірген» 50 жастағы Ермек Қабылбаевтың ісін қарай бастады. Іс бойынша жәбірленуші ретінде қайтыс болған әйелдің туысы Ержан Қыстаубаев танылған.
Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қозғалған іске судья Әбсаттар Шахидинов төрағалық етуде. Сотқа айыпталушы Ержан Қыстаубаев тергеу изоляторынан жеткізілген.
Күдікті Қабылбаевтың адвокаты істі жабық өткізуді сұрағанымен судья журналистердің қатысуына рұқсат етті. Бірақ айыпталушының қарсылығынан соң фото, видео түсіруге тыйым салынды.
- Алғашында «Абайсызда қазаға ұшырату» бабымен іс қозғалды. Қарсы болдық. Журналистер араласқан соң іс қайта сараланды. Ол (Ермек Қабылбаевты айтады – ред.) айыпты мойындағанымен, сотта еркін отыр. Бүгінге дейін бізден кешірім сұрап ешкім келмеді. Талабым – адам өлтірді ме сотталу керек, - дейді Ержан Қыстаубаев Orda.kz тілшісіне.
Қыстаубаевтың сөзінше, 39 жастағы қарындасы Раушан Перманова 29 тамыз күні азаматтық некеде тұрған күйеуі Ермек Қабылбаевтың қолынан қаза тапқан. Іс бойынша сот-медицина сараптамасы шыққан. Сараптама қорытындысы бойынша, айыпталушы марқұмның 5 жеріне пышақ сұққан соң екі минутта жан тапсырған.
- Күретамырына пышақ сұғып, мал сияқты бауыздаған. Қасақана өлтірген, - дейді жәбірленуші.
Марқұмның артында екі қызы қалған. Олар қазір Қыстаубаевтың қамқорлығына өткен.
Сот процесінде айыпталушы тағылған айыпты мойындайтынын айтқан. Прокурор айыптау актісін 9 желтоқсан күні келесі сот отырысында оқиды.
Жаңалықтар
- Алматыда жастар пышақтасып, екі жасөспірім қаза тапты
- Астанада жаңа AI Research University ашылады: Болашақта ЖИ үлесі арта түседі
- Көкшетауда мотоцикл мінген адамнан 5 келіден астам марихуана табылды
- Президент өзіне сыйға тартылған сәйгүліктерді тамашалап, жем берді
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады