Мал экспортына тыйым салынғаннан ет бағасы арзандамайды – мамандар
Қазақстандық фермерлер ірі қараны экспорттауға тыйым салуға қарсы. Шенеуніктер осылайша ет бағасының қымбаттауымен күреспекші, бірақ шаруалар мұның салдары ауыр болады деген ойда.
КТК телеарнасының хабарлауынша, фермерлер экспорт олардың шығындарын өтеп беретіндерін алға тартты. Олар тыйым салынғаннан кейін көбі шығынға батып, шаруа қожалықтарын жабуға мәжбүр болады деген сенімде.
Ет одағы шектеулер тек делдалдарға ғана тиімді деп есептейді.
– Баға, ең алдымен, бөлшек саудада төмендемейді. Нарық бөлшек саудада қалыптасып қойғанын және бізде делдалдық құрылымдардың элементтері бар екенін ескерсек, олар осы «қаймақтың» бәрін өздеріне алады. Бірақ баға фермер үшін – көтерме сатушыларға немесе сиыр етін өндіретін өндіріс тізбегіне: ет комбинаттарына немесе мал бордақылау алаңдарына түсетіні сөзсіз, - деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.
Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі басқаша ойда. Сондықтан ет экспортына ғана емес, сәбіз мен картопқа да тыйым салып отыр. Шенеуніктердің айтуынша, ел өз өнімдерін жоғалтып, қымбат бағамен импорттауға мәжбүр.
– 10 айда ірі қара малының экспортын 5,5 пайызға арттырып, 161 мың басқа жеткіздік. Бұл ретте ел ішінде өңдеу көлемі 50 пайызға дерлік қысқарды. Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенсек: мұндай тенденция ет бағасының өсуіне әкеліп соғады, оны қазір көріп отырмыз, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.
Сарапшылар мал терісін экспорттауға тыйым салу елде өңдеуді жолға қоюға көмектеспегенін, алайда қазақстандық малшылар нарықтан айырылып, енді бұл шикізатты өртеуге мәжбүр болғанын еске салды. Сондықтан олар шешімді қайта қарауды сұрайды.
– Бастысы, бұл тыйымдардың барлығы келісім-шарттардың бұзылуына және нарықтардың жоғалуына әкеледі. Ал, нәтижесінде шаруалар саладан кетеді. Өндірушілер мен фермерлер кетеді. Біз тек экспортқа ғана емес, ішкі нарықтғы өндірушілерден айрыламыз. Нәтижесінде біз мұның барлығын импортпен алмастырамыз, оның динамикасы қазірдің өзінде байқалады, - дейді ауыл шаруашылығы сарапшысы Кирилл Павлов.
Еске салсақ, 15 желтоқсаннан бастап ірі қара малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық