Мал азығы Маңғыстау облысына жеңілдетілген бағамен жеткізіледі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысымен биылғы бірінші қарашаға дейін жем-шөп тасымалдауға жеңілдік тарифтерін енгізу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.
2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 31 қазан аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Маңғыстау ЖК бөлімшесі» филиалының станциясында республикалық қатынаста әмбебап меншікті вагондармен бидай кебегін, құрама жемді, арпаны, астық қалдықтарын, күнжараны, жемшөп ұнтағын, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын тасымалдау мынадай тәртіппен есептеледі:
1) магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтері ҚР Табиғи монополияларды реттеу Комитеті белгілеген есептеу тәртібіне сәйкес толық көлемде есептеледі;
2) локомотивтік тартым қызметі мен жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің тарифтері 0,01 коэффициентімен есептеледі;
3) «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін жұмыс мөлшерлемесі 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;
4) Басшылықта белгіленген жүктерді тасымалдауға байланысты қосымша қызметтер үшін 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;
5) Магистралды, станциялық жолдарда меншікті вагондардың аялдағаны үшін төлем 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі.
0,01 коэффициенті дегеніміз -төмендетілген жеңілдік тарифі. Тасымалдау тізімінің сомасы белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Яғни 0,01 коэффициенті тасымалдаушының тізімінде көрсетілген жүктің санына көбейтіледі. Нәтижесінде жеткізілген тауардың ең төменгі есебі шығады.
Мысалы, құрама жем тиелген вагон Қостанай-Маңғыстау бағыты бойынша жіберілетін болса, стандартты тарифтер бойынша тасымалдау құны шамамен 420 мың теңге. Ал 0,01 төмендетілген жеңілдікті тарифпен есептеулер бойынша осы маршрут бойынша жеткізу сомасы шамамен 100 мың теңге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық