Франция Президенті Ресей мен Қытай вакцина арқылы «жаңа бір қақтығысты жағдай» тудырмақшы
Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын, бірақ оны Одақ құрамындағы мемлекеттермен бөліспейтін елдерге екпе бермеуге үндеді. Бұл Одақ басшыларының бейнеконференция түрінде өтіп жатқан саммитінде айтылған бастама.
Форум қарастыратын күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі — Еуропадағы вакцина мәселесі. Тағы бір басты тақырып — екпе алғандар үшін жасыл паспорт дайындау және сыртқы саясат. Бастысы вакциналау қарқынын арттыру мен препаратты жылдам жеткізу болып отыр. Күн тәртібінде Еуроодақ пен Түркия қарым-қатынасын талқылау да бар.
Саммиттің екінші күні Ұйымға мүше елдер басшылары цифрлық еуроны құруды пысықтап, пандемияның үшінші толқынына қарсы тұру мәселелерін талқылады.
— Осы жазда біз Еуроодақ аймағындағы ересек адамдардың 70 пайызын вакциналауды жоспарлап отырмыз. Сондықтан компаниялар препаратты өзге аймақтарға тасымалдамас бұрын Одаққа жеткізу бойынша өз міндеттерін орындауы тиіс. Бұл ең алдымен АстраЗенека компаниясына қатысты мәселе, - деді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.
Франция Президенті Эммануэль Макрон Еуропаға коронавирусқа қарсы вакцина шығаруда дербес саясат жүргізуге шақырды. Ол вакцина төңірегіндегі ахуалды «әлемдегі жаңа бір қақтығысты жағдай» деп қарастырды. Франция Президенті бұны Ресей мен Қытайдың екпе арқылы ықпал етуге тырысуынан деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық