Майқайыңда қыз зорлық туралы айтса да анасы сенбеген
Фото: elements.envato.com
Павлодар облысының әкімі Майқайың ауылындағы ағайынды балаларға қатысты мәлімдемесінде, қыз ұзақ уақыт бойы зорлық көргенін анасына айтқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлеген Асайын Байхановтың айтуынша, өңірде балаларға қатысты зорлық-зомбылық бойынша 30 дерек тіркелген. Жақында ғана белгілі болған жағдайда, ағайынды балалардың ұзақ уақыт бойы зорлық көргені анықталып, қыз бұл туралы анасына хабарлаған.
«Майқайыңда қыз зорлыққа тап болғанын анасына айтқан, бірақ ол сенбеген. Қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрып келген. 2 жыл бұрын туған әкесіне де айтқан екен. Алайда, ата-анасы қызының сөзіне қатысты ешқандай шара қолданбаған. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар көп кездеседі», – деді Байханов.
Сонымен қатар, 30 жағдайдың 25-де балаларды зорлау фактісі өз үйлерінде, өз отбасында болады.
«Өңірдегі бұл жағдайлардың көбісі 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 жылдары болған. Қазіргі уақытта біз осындай барлық жағдайларды қарастырып, балалардың ештеңеден қорықпай ашылуы үшін олармен жан-жақты жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Павлодар облысында кәмелет жасына толмаған ағайынды ұл мен қыздың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық