«Майқайыңалтын» АҚ басшылары үйқамаққа қарсы болды
Фото: Pixabay
Алтын өндіретін кәсіпорынның қызметкерлері бұлтартпау шарасына шағым түсірмек болғанымен, облыстық сот оны күшінде қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.
18 қыркүйек күні Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотында «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты басшысына қатысты бұлтартпау шарасы қаралды. Айыпталушылар қатарында компанияның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин, оның орынбасарлары, бас инженер, сондай-ақ өндіріс директоры мен оның орынбасары бар.
Еске салайық, қайғылы оқиға 4 қаңтарда болған еді. «Майқайыңалтын» кенішінде жердің жоғарғы қабаты опырылып түскен. Оқиға салдарынан пайда болған шұңқыр түріндегі апат орнына келген «РЦШ ПВАСС» ЖШС құтқарушылар автобусын топырақ басып қалды. Төрт құтқарушының барлығы қаза тапты, ал соңғысының денесі жарты жылдан кейін ғана табылды.
Топтық жазатайым оқиға арнайы тергеу нәтижелері бойынша болған жағдайға толықтай жұмыс беруші жауапты деп танылды. Тергеу актісінде болған апатқа себепкер болған алты жауапты тұлғаның әрекеттері мен әрекетсіздіктері көрсетілген.
Кәсіпорын өкілдері бірнеше рет тергеу қорытындыларымен келіспей, сотқа жүгінген болатын. Олар бұл оқиға үшін жауапкершілік «РЦШ ПВАСС» компаниясында деп мәлімдеп, егер техникалық құралдар уақтылы қолданылғанда апаттың алдын алуға болатындығын, қайғылы жағдай болмайтынын алға тартты. Алайда сот инстанциялары олардың талаптарын қабылдамады.
Павлодар облысы полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді