Магистратура мен докторантураға түсу ережелері
2021 жылы магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу 18 маусымда басталды. Ал докторантураға құжаттар 3 шілдеден бастап қабылданады. Оқуға түсу емтихандары компьютер арқылы тапсырылады.
Тіркеу білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (https://app.testcenter.kz/language-select ) сайтында жүргізіледі. Емтихан уақыты - 20 шілдеден 10 тамызға дейін.
Магистратураға түсуге арналған тестілеу 3 бөлімнен тұрады: шет тілінен; оқуға дайындығын анықтау; білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша, үшеуі де тест түрінде өтеді. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар талапкер шет тілі бойынша кешенді тестілеуден босатылады.
Магистратураға түсу бойынша шектік бал – 75, ақылы негізде оқуға түсу үшін 50 балл жинау қажет. 2021-2022 оқу жылы үшін магистратураға 13 263 грант бөлінген.
Докторантура емтиханы жаңа форматта өтеді Докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеден 3 тамызға дейін. Түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында. Талапкер бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламасын ғана таңдай алады. Өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына беріледі, одан кейін Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Үміткерлер емтиханды өңірлік тестілеу орталықтарында тапсырады. Тестілеу компьютерлік форматта. Мәдениет және спорт министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсушілер емтихандарды өз жоғары оқу орындарында тапсырады.
Әрбір үміткерге жеке кабинет ашылып, емтихан күнін Ұлттық тестілеу орталығы бекітеді. Емтихан бағдарламасы мен кестесі емтихан алдында жеке кабинетке жіберіледі. Грантқа түсу үшін 75 балл жинау керек Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар үміткерлер тапсыра алады. Ал медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады. Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат міндетті.
Докторантураға түсу үшін ең жоғары көрсеткіш – 100 балл. Оның ішінде эссе – 20 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейінді емтихан сұрақтары – 50 балл. Докторантураға түсу емтихандары ҰБТ-ға қойылған талап негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пункттерде өтеді. Грантқа түсу үшін шектік бал – 75, ақылы негізде түсу үшін шекті балл – 50.
Тестілеу нәтижесімен келіспеген талапкер кешенді тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.
2021-2022 оқу жылына PhD мамандарын даярлауға 1 890 грант бөлінді. Қай салаға қандай көлемде грант бөлінетіні қазір бекітіліп жатыр, толық нұсқа баспасөз беттерінде жарияланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық