«Маған жала жабылды»: Актер Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзден
Актер Асқар Жұмабек жазасын өтеп шыққаннан кейін әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, жағдайға қатысты өз ұстанымын айтты. Оның сөзінше, жәбірленуші болған оқиғаны толық әрі шынайы жеткізбеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұмабаев өз сөзінде біреуді жамандап, соның есебінен хайп жасауды қолдамайтынын атап өтті.
«Менің өз ұстанымым бар, өзімді құрметтеймін. Біреуді жамандап, соның есебінен хайп жинайтын адам емеспін. Бұл жерде де мәселе — хайпта», — деді актер.
Ол егер шынымен кешірім сұрауға негіз болса, оны жасырмай, ашық түрде жариялайтынын айтты. Алайда қазіргі тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.
«Егер мен біреуден кешірім сұрасам, оны интернетке шығарып, жариялайтын едім. Ал қазір тараған ақпарат — шындыққа жанаспайды. Тіпті «физикалық шабуыл болды» деген сөздер айтылып жатыр. Бұл — өтірік. Ондай нәрсе болған жоқ», — деді ол.
Актердің айтуынша, жағдай әдейі бұрмаланып, қоғамға басқа қырынан ұсынылған.
«Мені оятқан соң осылай ашуланды деген. Керісінше, мен ол адамға рахмет айтамын оятқанына. Бірақ жағдайды бұрмалап, халыққа мүлде басқа түрде жеткізді. Соның кесірінен адамдар қате ой қалыптастырды», — деді Жұмабек.
Сондай-ақ ол өз тәрбиесіне сүйене отырып, әйелге қол көтеру оның қағидатына қайшы екенін мәлімдеді.
«Мен ондай тәрбиемен өскен жоқпын. Әйел адамға қол көтеру — менің қағидамда жоқ. Әкем де, анам да бір-біріне дөрекі сөйлеген емес. Сондықтан маған тағылған айыптар — негізсіз», — деді ол.
Жұмабаев жанжал жұмыс барысындағы түсініспеушілік болғанын алға тартты. Оның айтуынша, ол оқиға болған күні байланысқа шығуға тырысқанымен, жауап ала алмаған.
«Иә, өмірде әртүрлі жағдай болады, адамдар ұрысады. Бұл — жұмыс барысындағы мәселе. Мен сол күні хабарластым, бірақ жауап болмады. Соған қарамастан, жағдайды ушықтырмай, сабыр сақтадым», — деді актер.
Алайда кейін бұл жағдайдың өзгеше сипатта таралғанын айтты.
«Бірақ кейін бәрі басқаша көрсетілді: «ұрыпты, тепті» деген сияқты ауыр айыптар айтылды. Бұл — жала. Заң бойынша мұндай нәрсеге жауапкершілік бар», — деді ол.
Сонымен бірге, актер қажет болған жағдайда заң аясында жауап талап ете алатынын, бірақ әзірге ондай қадамға бармағанын жеткізді.
«Мен де принципке салсам, жауап талап ете аламын. Бірақ әзірге оған бармай отырмын», — деді Жұмабек.
Ол әркімнің өз шындығы бар екенін мойындай отырып, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін тағы да қайталады.
«Ең бастысы — әркімнің өз шындығы бар. Бірақ мен бұл айтылған нұсқамен келіспеймін», — деді ол.
Сөз соңында актер өзінен халық алдында кешірім сұрау талап етіліп жатқанын айтып, оған негіз жоқ екенін жеткізді.
«Маған «халық алдында кешірім сұра» деп жатыр. Бірақ не үшін? Мен ешкімді ұрған жоқпын, қорлаған жоқпын, халыққа өтірік ақпарат таратқан жоқпын. Сондықтан себеп жоқ. Мен айтқан сөздерімнің бәріне жауап беремін. Бір грамм да өтірік жоқ. Өтірікті мүлде жек көремін», — деп қорытындылады Жұмабек.
Актер өз мәлімдемесінде айтқан сөздерінің барлығына жауап беретінін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық