Мағаджан су қоймасы бөгетінің иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Фото: primeminister.kz
Алматы қаласы мен Ақтөбе облысындағы бөгеттердің құрылысын жүргізген мердігерлер мен олардың тиісті деңгейде сақталуына жауапты тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлім етті.
Сондай-ақ, Ұлытау аймағындағы өзеннің су тасқынына әкеліп соқтырған суының тазаланбауы да тексерілуде.
Әбділовтың айтуынша, Алматыда Аюсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет салған мердігер 775 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.
Ақтөбе облысында Мағаджан бөгетіне жауапты ЖШС басшысы жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген деген күдікке ілінді.
«Ақтөбе облысындағы Мағаджан бөгетін сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты қызметтік міндеттеріне адалдық танытпау, ауыр зардаптарға әкеп соғу фактісі бойынша кезекті сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Белгіленгендей, 2014 жылы бөгет балық аулаумен айналысатын жеке серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда, ЖШС бөгетті күтіп ұстау және оған қызмет көрсету бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамаған»,- деді ҚМА ресми өкілі.
Әбділов 5 сәуірде бөгет бұзылып, Ақтөбе облысы Талғын ауданына қарасты Бесқопа, Қызылту және Табантал ауылдарынан 215 адам эвакуацияланғанын еске салды.
Сондай-ақ, Ұлытау ауданында жақын маңдағы аумақтарды су тасқынынан қорғау мақсатында Жезді өзенінің рекультивациясын жүргізуі тиіс мердігерге 400 миллион теңге аударылып, 282,5 миллион теңгенің жұмысы аяқталмағаны анықталды. Барлық іс-шараларға барлығы 485,5 млн теңге бөлінді. Эрозия салдарынан облыстағы 26 үйді су басып, 174 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға