Мәжілісмендер Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты мәлімдемесіне байланысты Бас прокурорға шағымданды
Рамиль Мухоряпов
Мәжілісмендер Chocolife компаниясының иесі Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты мәлімдемесіне байланысты Бас прокурорға жүгінді, деп хабарлады депутат Еділ Жаңбыршин.
«Құрметті Берік Ноғайұлы! Жоғарыда аталған мәселеге байланысты арандатушылық әрекеттерге барған Рамиль Мухоряповқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-тармағына сәйкес заңды шара қолдануыңызды сұраймыз» делінген депутаттық топтың хабарламасында.
Халық резонанс тудырған қазақстандық кәсіпкердің мәлімдемесіне депутаттар назар аударды. Олар мұндай әрекеттер елдің тәуелсіздігіне, ұлттық мүддесі мен тыныштығына қайшы және нұқсан келтіреді деп есептейді.
Жаңбыршин қоғамдағы қазіргі жағдай мемлекет тарапынан тілдің мәртебесі туралы заң қабылдайтын уақыт жеткенін көрсетеді деп жазады.
Үндеуге Е.Жаңбыршин, Е.Абақанов, Қ. Абасов, С.Адамбаев, А. Әбсеметова, Ж.Әшімжанов, Г. Әміреев, Е.Бейсенбаев, Б.Дүйсенбиев, З.Құлахметов, С.Мұсабаев, С.Нақпаев, С.Ожаев, Л.Рамазанова, Е.Сайыров, А.Сарым, Ж.Сүлейменова, Ғ. Ташқараев, М.Тәжмағамбетова, Д.Тұрғановтар қол қойған.
Еске салайық, бұған дейін Мухоряповтың қазақ тіліне, қазақтардың ұлтшылдығына, мәдениетіне қатысты мәлімдемесі әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Қазақстандықтар Мухоряповтың қазақ тіліне деген көзқарасының дұрыс еместігіне, оның сұраған кешірімің шынайылығына күмәнданатындарын жазды. Көптеген тұрғындар Choco жобасының сайттарын тексеріп, платформаларда қазақ тілін таңдау мүмкіндігі жоқ екенін растады.
Артынша журналист Айбар Олжаев Мухоряповтың сөздерінің халық арасында араздық тудырғанын айтып, оны тексеруді сұрап прокуратураға жүгінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық