Мәжілісмен мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі ЛГБТ насихатына алаңдаушылық білдірді
Депутат Ардақ Назаров Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында елде идеология саласын реттеу қажеттігін айтты.
Оның айтуынша, соңғы кездері еліміздің ақпараттық кеңістігінде біржыныстылардың некесі, гомосексуализм, жынысын ауыстыру сынды мәселелер емін-еркін насихатталады.
«Бұның артында Батыстың халықаралық ұйымдары тұрғанын бәріміз жақсы білеміз. Одан да сорақысы, қазір жекеменшік мектептерде, Астана мен Алматының ірі қалаларында гейлерді насихаттау өте белсенді түрде жүргізілуде – мұны біздің студенттердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан да көруге болады. Халық айтқандай, ауру кетсе де, әдет қалмайды. Өкінішке қарай, қоғамымыз бұл дертке шалдыққан, жағдай ушығып кетпейінше алдын алу шараларын қолға алу қажет», - деді депутат.
Депутат 8 сәуірде Астанада өткен жоспарлы феминистер шеруін еске алды.
«Біз жайбарақат отырмай, жастарды тәрбиелеумен шұғыл түрде айналысуымыз керек. Кеше ЛГБТ туымен алаңға шыққан балалар бізге жат емес. Бұл да біздің балалар. Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін әлі білмейді. Эпидемия басталып кетті, кейін бармақ шайнамас үшін оны әзірден тезге салу керек. Сондықтан сізден шұғыл түрде келесі шараларды қабылдауыңызды сұраймын:
митингке шыққан балалардың ата-аналарынан жауап алу, ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде көрсетуге және насихаттауға тыйым салу. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында теріс ағымдарды насихаттайтын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлер мен мәдениетті дәріптейтін көздерден қорғайтын заңнамалық нормаларын Парламент енгізсін», - деді Мәжіліс депутаты.
Оның пікірінше, ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған.
«Егер ертең, мәселен, ұлыңыз келіннің орнына гейді үйге кіргізсе немесе қызыңыз әйелді үйге әкелсе, оларға шыдамдылық танытып, батаңызды бересіз бе? Бұл, әрине, үлкен трагедия. Отбасында осындай жағдай болса, кім шыдайды? ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған деп есептеймін. Ал руханият дәстүрінен айырылған халықтың болашағы жоқ. Ұлт өлсе, мемлекет ыдырайды», – деді.
Айта кетейік, депутат Ардақ Назаров қазақстандық кәсіпқой боксшы, аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық