Мәжіліс онлайн-платформалар мен интернет-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Депутаттар бастамашы болған заң жобасын әріптестерге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым таныстырды. Оның айтуынша, заңды әзірлеудегі мақсат – ең алдымен адам құқығын қорғау.
«Азаматтар интернетте өз құқықтарын қорғауды талап етеді. Олардың артында мықты мемлекет тұрғанын анық сезінулері керек. Біз шығарып жатқан заң әлеуметтік желілерді бұғаттауға немесе біреудің құқығын бұзуға арналмаған. Екі жыл бұрын кибербуллинг туралы заң қабылданғанда да біраз келіспеушіліктер болған. Бірақ бұл заңдардың өміршеңдігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп берді», - деді депутат.
Заң жобасында онлайн-платформаларда жалған ақпаратты орналастыруға және таратуға тыйым салынады. Олардың иелері үшін қате немесе жалған ақпаратпен және салық төлеуден жалтарумен күресу үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау міндеттері белгіленеді.
Пайдаланушылар үшін - орналастырылған онлайн-жарнамаларды белгілеу туралы, сондай-ақ олардың қызметін кәсіпкерлік заңнамасына сәйкес міндетті түрде жүргізу туралы.
Ілеспе түзетулер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және өзге де заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық