Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жарысы басталды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды сайлау науқаны басталды, деп хабарлады ОСК.
«Сайлау науқаны мынадай жолдармен жүзеге асырылады: бұқаралық ақпарат құралдары; онлайн платформалар; үгіт материалдарын дайындау және тарату; сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, кандидаттар мен сенім білдірілген адамдардың сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу» делінген хабарламада.
Сайлау туралы заңға сәйкес үгіт-насихат жүргізу кезеңінде кандидаттарға:
• Кездесулер;
• Митингтер;
• Шерулер;
• Демонстрациялар ұйымдастыруға болады.
Оларды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органға хабарласу қажет.
Үгіт науқаны кезеңінде ойын-сауық және спорттық іс-шараларды қоспағанда, тегін тауарлар, қызметтер көрсету және т.б. беруге, сондай-ақ кандидаттардың және олардың атынан қайырымдылық іс-шараларын өткізуге жол берілмейді.
Сайлау алдындағы үгіт ережелерін бұзғаны үшін кандидаттарға қатысты тіркеудің күшін жоятын заңды жауапкершілік көзделген.
Анықталғандай, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 2573 БАҚ үгіт-насихат жүргізеді.
Олар 14 ақпанға дейін белгіленген мерзімде төлем мөлшері, эфир және баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы ақпарат берді.
Орталық сайлау комиссиясына:
• 465 медиа;
• Онлайн платформалардың 40 пайдаланушысы.
Аумақтық сайлау комиссиясына:
• 2108 медиа;
• Онлайн платформалардың 55 пайдаланушысы.
Кандидаттар мен саяси партиялар келісім жасасып, үгіт материалдарын орналастыра алады.
«Бұқаралық ақпарат құралдары бюджет қаражаты және сайлау қоры қаражаты есебінен үгіт материалдарын жариялауға құқылы. Ал онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын тек сайлау қоры есебінен ғана орналастырады» деп хабарады ОСК.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық