Мәсімов қаңтарда ҰҚК қызметкерлеріне жұмыс орнын тастап кетуді бұйырған
Мәжілісте Қанды қаңтардағы тергеу қорытындысы шығарылды. Бас прокурор әдеттегідей барлық тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың атын атамады. Бірақ, оның айтуынша, істің бас фигуранты-ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов.
Оның айтуынша, Мәсімов Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлеріне өз ғимараттарын тастап кетуді бұйырған.
Тәртіпсіздіктер белең алған тұста Алматы қаласы, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің барлық дерлік жеке құрамы өз ғимараттарын тастап кетті.
— Мәсімовтің бұйрығымен Алматы және Қызылорда облысы ҰҚКД қызметкерлері өз ғимараттарын тастап кетті. Ашық айтайын, бұл басшылар әлсіздік танытты. Бұл жеке құрамның әрекетіне де әсер еткен. Нәтижесінде тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша уақтылы шаралар қабылданған жоқ. Соңында Алматы мен Талдықорған екі тәулікке қарулы қарақшылар билігінде болды. Олардың қолына тұтас арсенал – үш мыңға жуық автомат, тапанша, мергендік мылтық және ондаған мың оқ-дәрі түсті, - деді мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.
Яғни, осы басшылардың кінәсінен ең қауіпті қарулар бүлікшілердің қолында болды. Екі мыңға жуық қару әлі табылған жоқ.
ҰҚК-нің 3 өңірлік департаментінің, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.
Қазір сот жүріп жатыр.
Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушыларын атады.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов сотқа берілді. Оларға:
- мемлекетке опаздық жасағаны үшін;
- билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер;
- лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану айыптары тағылды.
Бұрынғы орынбасары Ерғожин:
- билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер;
- лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану күдігіне ілінген.
Жамбыл облысы ПД бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ол өзін-өзі атып өлтірді.
Бас прокурор Берік Асылов 2021 жылы Қазақстан аумағында елдегі билікті басып алу үшін радикалды шараларды орындаушыларды жасырын даярлау жүргенін айтты.
Әскери сотта бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі бойынша тыңдаулар жалғасып жатыр. Тергеу төтенше жағдай кезінде оны заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды.
Тергеушілер Қазақстандағы қаңтар оқиғаларын ұйымдастырушыларды анықтады. 5 қаңтарда оқиғаға бір жыл толғанда мәжілісте тергеу қорытындысы шығарылды. Отырыс тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Қаңтар айындағы тәртіпсіздік салдарынан бүкіл ел бойынша 42 мемлекеттік ғимарат зардап шекті. Оларды қалпына келтіруге 31,1 млрд теңге бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық