Мәсімов Назарбаевтың атына есеп-шот ашқан болуы мүмкін - Жақсыбек Құлекеев
Қаңтар оқиғасы туралы кітап жазған Жақсыбек Құлекеев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын адамдар туралы өз шығармасында көптеген деректер келтірген. Оның ішінде Кәрім Мәсімов тауда арнайы дайындықтан өткен радикалдық топтардың Арқанкерген оқиғасына қатысы болу ықтималдығын атаған, деп хабарлайды Arbat.media.
Белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабында Кәрім Мәсімовтің ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болғанын мысалға келтіреді. Оның бір кездері Гонконг банктерінде Назарбаевқа есеп-шот ашуға қатысы болуы мүмкін екенін де жазған.
- Кәрім Мәсімов 20 жылдан астам уақыт бойы ең ықпалды тұлғалардың бірі болды. Ол Н.Назарбаевтың тұсында екі рет премьер-министр болып тағайындалды. Оған дейін көлік және коммуникация министрі, Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тізгінін ұстады. К.Мәсімовтің мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы да қызық. Ол 1990 жылдардың басында қытайтанушы ретінде Пекин мен Гонконгта Қазақстанның коммерциялық мүддесін қорғаумен айналысқан. К.Мәсімов осы кезде Гонконг банктеріне Н.Назарбаевтың атына есеп-шот ашып, ақша аударуға қатысқан болуы мүмкін, - деп жазды Жақсыбек Құлекеев.
Қаңтар оқиғасы кезінде «20 мың террорист» деген мәлімдеме туралы тарқата келе, шын мәнінде арнайы дайындалған радикалды топ мүшелерінің де митингке қатысқаны кітапта жазылған. Тіпті олардың 2012 жылы Арқанкерген шекара бекетінде әскерилерді өлтіруге қатысы болуы мүмкін екеніне автор ерекше тоқталады.
- 20 мың деп мәлімделген сан тым күмәнді, бірақ лаңкестер болды. Ары кетсе - 200-300 адам. Төңкеріске басты себеп болған олар емес, олар тек қалыптасқан тұрақсыздықты ушықтыру үшін пайдаланылған сияқты. Сырттан келген күш деп айту да орынсыз секілді. Себебі, 30 жылдың ішінде Қазақстанның өзінің радикалды топтары «тәрбиеленіп» шықты. Тауда қарулы жасақ дайындалатын лагерь көрдік деген әңгімелер бұрын да талай рет болған. Әсіресе, Алматы тауында қорықшыны өлтіру, Арқанкерген қырғыны сияқты оқиғаларға байланысты. Алматыдағы бүлікке де сондай топтардың қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, - дейді Ж.Құлекеев.
Сондай-ақ, Жақсыбек Құлекеев елімізде қарулы бүлікшілер - Н.Назарбаевтың тұсында қанат жайған ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері екенін айтады.
- Олар бұрынғы президент пен оның айналасындағыларды биліктен шеттетуге мүмкіндік бермеу үшін жіберілген болуы мүмкін. Бұл теория Н.Назарбаевтың інісі Болат пен немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбішті (Н.Назарбаевтың марқұм інісі Сатыбалдының баласы) қарулы топтардың құрылуымен байланыстырады, - деп жазылған кітапта.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық