MadMen тобы қылмыстық топ құрды деп айыпталуда
Фото: Tiketon
MadMen тобы ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Еске салсақ, Алматы қаласының полициясы сәуірде тұрақты түрде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған.
Кейін анықталғандай, ол MadMen музыкалық тобының мүшелері болы шықты.
– Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде қолға түскен. Жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысқан. Күдіктінің және оның «көмекшілерінің» қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған.
Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауапты болған, олардың бірі қыз бала; екі жас жігіт – есепші ретінде өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берді; тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар, қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Оларға қазір Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша айып тағылып отыр. Музыкалық топтың мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық