Мадияр Серікбаев өзі жетекшілік ететін театрға қатысты дауға пікір білдірді
«Өнер қырандары» театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізуді жоспарлағаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ мекеме театрды заңсыз билет сатқаны үшін прокуратура тексеріп жатқанын мәлім еткен болатын.
Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.
Театр жетекшісі Мадияр Серікбаев осыған қатысты пікір білдірді. Актердің сөзінше, концертке қатысты дау ұйымдастырушылардың салғырттығынан туындаған.
– Біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп айтсам болады. Біз 50 күн сапарда жүріп, 50 концерт бердік. Соның аясында 45 күн баспана табыстау керек болдық. Бұл – Мәдениет министрлігімен бірлесе жасалған жоба. Яғни президенттің «Балалар жылы» бағдарламасы аясында «Балаларға бақыт сыйлау» деген бағытпен 45 күнде 45 баспана табыстау. Мәдениет министрлігі мәдениет мекемелеріне хат жазып, қолдан келгенше көмектескен еді. Осы істі атқаратын ортада тәжірбиелі ұйымдастырушы болды.
Алматыға келген кезде құжаттар дұрыс болмай қалған ба, түсініспеушілік орын алды. Біз өзіміз гастрольдік сапардан 23 желтоқсан күні келгенбіз. Өзіміз сапарда жүрген кезде байқамадық. Концертке бір күн қалғанда осындай үлкен дау болып жатқанын білдік.
Бұл даудың қашан, қалай, кім шығарғанын білу үшін бірден құзырлы органдарға өзім хабарластым. Әкімшілікке келіп, сол жерден мән-жайды анықтап бірден шештік. Ұйымдастырушының қателігінен екі тарап арасында түсінбеушілік орын алған. Аллаға шүкір, бәрін өз ретімен шештік, – дейді Мадияр Серікбаев.
Сондай-ақ актер қазір «Өнер қырандары» толықметражды фильм түсіруге дайындалып жатқанын атап өтті.
– Алғашқы қадамды телехикая түсіруден бастадық. Екі рет өзіміздің командамен сериал түсіріп көрдік. Енді үлкен толықметражды фильм түсіруге жұмыс істеп жатырмыз, – дейді «Өнер қырандары» театрының жетекшісі.
Жаңалықтар
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?