Мәдени мұраға қол сұғу: Әкімдік тастағы петроглифтерді қорғауға уәде берді
Фото: instagram / kazakhstanstranapetroglifov
Талдықорған маңындағы Қызылтас жеріндегі петроглиф қашалған тастарды жергілікті диорит өндіретін компания заңсыз әкетіп жатқан болатын. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл таңбалар қашалған мұраларымыздың жойылуына жол бермейміз деп уәде берді.
Бұл туралы таңбаларды қорғап жүрген белсенді Сергей Алексеенок instagram парақшасында жариялады.
«Петроглиф аңшылары» атты белсенділер биыл Талдықорған іргесіндегі Қызылтас төбесін қорғауда барын салды. Жергілікті ірі компания құрылыс материалдарының шикізаты ретінде диорит өндіріп, жол бойында петроглифтер қашалған тастарды алып жатқан болатын. Бұл жөнінде әкімдік пен осы таңбаларды қорғап жүрген «Петроглиф аңшылары» атты белсенділер отырыс өткізді. Отырыста Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл таңбалар қашалған мұраларымыздың жойылуына жол бермейміз деп уәде берді.
Еске сала кетейік, бұл мәселе наурыз айының ортасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев петроглифтерді жоюға жол берілмейтінін мәлімдегеннен кейін қолға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық