Маңғыстаулық жігіт ойын клубын өртеп жіберді
Бейнежазбадан алынған кадр
Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылының тұрғыны лотерея клубын өртеп, видеоға түсіріп алған. Оқиға 3 ақпанда болды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ойын клубының өртеніп жатқан сәті тез таралды.
– Мына лото, шарик, рулетка, олимп, 1хбет, фонбет жалпы букмекерлік конторалар қазақтың түбіне жетті. Мен, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы тұрғынымын. Осы ойынды ойнап келе жатқаныма 20 жылдан көп уакыт болды. Бұл азарт ауру ма, білмеймін. Осы уақытқа дейінгі жылдарда «200 000 000 теңге ұтылдым» деп айтуға болады. Осы Азарт менің түбіме жетті, - деді өртегенін камераға түсіріп алған ер адам.
Полицейлердің айтуынша, ойын клубын ғимаратында өрт шыққаны туралы қоңырау шамамен сағат 11.00-де түскен.
– Оқиға орнына жеткен полиция тобы ер адамды ұстады. 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубын қалай өртеп жібермекші болған видеоны таратқанын айтты, - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 202-бабы «Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша тергеу жұмыстарын бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық