Маңғыстаулық келіншек он екінші сәбиін дүниеге әкелді
Фото: inbusiness.kz.
Маңғыстаулық келіншек он екінші баласын дүниеге әкелді. Ол сегіз ұл, төрт қыз тапқан алтын құрсақты ана «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері.
Іnbusiness.kz. хабарлауынша, сәби Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұратын Айнұр Жұманбетованың отбасында туылған.
«Ұл бала табиғи жолмен туған, салмағы – 3 келі 770 грамм, бойы – 55 сантиметр. Ана мен сәбидің жағдайы тұрақты болғандықтан, үйіне шығарылды» деді облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Жапырақ Епенова
1985 жылғы Айнұр 18 жасында тұрмыс құрған. Сегіз ұл, төрт қыз тапқан алтын құрсақты ана «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері. Он екі баланың ішінде егіз де, үшем де жоқ.
Отбасы он екінші перзентіне Мұхаммед- Әмин деген есім берген.
Отағасы дәнекерлеуші болып жұмыс істейді, ал Айнұр үйде бала күтімімен отыр. Былтыр көп балалы ана ретінде мемлекет тарапынан арендалық пәтер алған.
«Отағасының айлығы және балалардың жәрдемақысымен ел қатарлы күн кешіп келеміз. Тұңғышым 17 жасқа толады. Биыл 11-сыныпты оқиды. Әскери қызметкер болуды жоспарлап отыр. Екінші ұл 9-сынып бітіріп, колледжге құжат тапсырып жатыр. Кішісі 1,5 жаста. Жолдасым да, өзім де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Енді балаларымызға жақсы білім, тәрбие беріп, елге қамқор азамат қылып өсірсек арманымыз жоқ. Алла беріп жатса, әлі де бала тууға дайынмын» дейді жас келіншек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық