Маңғыстаулық бірнеше жұмыс ұжымы президенттен көмек сұрады
Маңғыстау облысының бірнеше жұмыс тобы еңбек мәселесі бойынша бірден президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлайды Lada.kz.
«Total» компаниясының Түпқараған ауданындағы Дүңге» мұнай-газ кенішінің жұмысшылары операторлар, механиктер мен электриктердің жалақысын 50 пайызға көтеруді сұрап отыр. Олар сұранысын өңірдегі өнімдердің қымбаттығымен түсіндірді.
«Біз жұмысшылардың және кәсіподақтың келісімінсіз мекеме тарапынан жасалған заңсыз қосымша келісімдер мен актілерді қарастыруды сұраймыз. Шағымдарымызды 2022 жылдың 15 ақпанына дейін шешіңіз. Әйтпесе, біз Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бейбіт түрде наразылық білдіреміз. Біздің компания Маңғыстау облысындағы ең беделді компаниялардың бірі, мұнай өндірудің жылдық жоспарын асыра орындап отыр, ал жұмысшылардың еңбекақысы басқа мұнай компанияларымен салыстырғанда өте төмен» дейді Total қызметкерлері.
Серіктестіктің «Planika» ЖШС жүргізушілері өздерін штатқа алуды өтініп, ел президентіне ғана емес, «ҚазМұнайГаз» басшысы Алик Айдарбаевқа да жүгінген. Айтуларынша, «ҚазМұнайГаз» еңбек шартын бұзып, жалақыны уақытында бермей отыр. Сондай-ақ қызметкерлер компания басшылығынан қысым көрсетпеуді, жұмыстан шығармауды талап етті.
Жаңаөзендегі «КаспийПрофСнаб» ЖШС қызметкерлері өздерін «КазГПЗ» штаттық бірлігіне қабылдауды талап етуде.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысында митингілер басталып, кейін ол басқа өңірлерге тараған. Олар саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді көтерді, атап айтқанда, жалақыны көтеруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық