Маңғыстауда жаттықтырушы волейболшы қыздарды ұрған
Волейболшы қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушының әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.
Жаңаөзен мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімнің оқиғаға қатысты түсініктемесін Lada.kz басылымы жариялаған болатын.
Волейбол жаттықтырушысы оқиғаға байланысты өз шындығын жариялады.
«Интернетте тараған видеоға қатысты айтарым, қыздар Жаңаөзен командасында ойнайтын волейболшылар. Жақсы көрсеткіш көрсетіп, спорт саласында айтарлықтай жетістікке жетіп жүр. Ол сырттан беттен ұру болып көрінген шығар, бірақ олай емес. Алтыншы нөмірдегі ойыншы - команда көшбасшысы. Мен оны жігерлендіріп, команданы белсенді болуға шақырғым келді. Менің әрекетім сырттан ойыншыларға деген қатігез қарым-қатынас ретінде көрінгені үшін кешірім сұраймын», - деді жаттықтырушы.
Естеріңзге сала кетсек, бұған дейін аталған жайтқа қатысты Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы да пікір білдірген болатын.
Ведомство бұл жайт Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында коронавирус жағдайына байланысты көрермендердің қатысуынсыз өткен спорттық іс-шарада болғанын мәлімдеді.
Көп ұзамай видеодағы ер адамның Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Тұрмағамбетов екені анықталды.
«Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылар қатарында емес. Оны жарысқа ешбір ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты», - деп түсінік берген болатын басқарма.
Аталмыш ведомство тексеріс жүргізетін комиссия құрылғанын, Азамат Тұрмағамбетовке қатысты шара қолданылатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық