Маңғыстауда жүк көтергіш машинаны 8 жасар бала басқарған
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видео өткен жылдың қазан айында түсірілгенін хабарлады. Факт бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама жасалды.
26 қаңтарда видео желіде тарай бастады. Одан кәмелетке толмаған баланың трактор айдап бара жатқанын көруге болады.
«Осы факт бойынша Жаңаөзен қаласының патрульдік полициясының қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 612-бабының 5-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған баланың ата-анасына хаттама толтырды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі уәкілдер 127-бап (кәмелетке толмағанның тәрбиесі және білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бап (кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша хаттамалар жасады»,- деп хабарлады облыстық полиция.
Іс материалдары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық